Пеметрепол (100 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пеметрексед
Дәрілік түрі, дозасы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 100 мг, 500 мг
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антиметаболиттер. Фолий қышқылының аналогтары. Пеметрексед.
АТХ коды L01BA04
Қолданылуы
Плевраның қатерлі мезотелиомасы
плевраның операбельді емес қатерлі мезотелиомасы бар, бұрын химиотерапия қабылдамаған пациенттерді емдеу үшін цисплатинмен біріктіріп
Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры
өкпенің жергілікті таралған немесе, көбіне жалпақ жасушалы гистологиялық түрінен басқа, метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде бірінші желілі ем үшін цисплатинмен біріктіріп
платина препараттары негізінде емнің бірінші желісінен кейін үдемеген пациенттерде өкпенің жергілікті таралған немесе, көбіне жалпақ жасушалы гистологиялық түрінен басқа, метастаздық ұсақ жасушалы емес обырының демеуші емінде монотерапия ретінде
көбіне жалпақ жасушалы гистологиялық түрінен басқа, өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде екінші желілі ем үшін монотерапия түрінде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
белсенді затқа немесе препараттың құрамына кіретін қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
креатинин клиренсі 45 мл/мин төмен
сары ауру қызбасына қарсы вакцинамен бір мезгілде қолдану
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Пеметрексед сүйек кемігінің функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл нейтропениямен, тромбоцитопениямен және анемиямен (немесе панцитопениямен) көрініс береді. Миелосупрессия әдетте дозаны лимиттейтін уыттылық болып табылады. Пациенттер емдеу кезінде миелосупрессияның бар-жоқтығына бақылануы тиіс, нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) ≥1500 және тромбоциттерде ≥100 000 жасуша/мм3 жеткенге дейін пациенттерге Пеметреполды тағайындамаған жөн. Емдеудің кейінгі циклдерінде дозаны төмендету мұның алдындағы цикл кезіндегі НАС көрсеткішіне, тромбоциттердің санына және гематологиялық емес ең жоғары уыттылыққа негізделген.
Фолий қышқылы мен B12 дәруменін тағайындауға дайындық кезеңінде уыттылықтың төмендеуі және нейтропения, фебрильді нейтропения және 3/4 дәрежелі нейтропениямен инфекция сияқты 3/4 дәрежелі гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық кезінде дозаны азайту қажеттілігі байқалды. Сондықтан пеметрекседпен емдеу жүргізілетін барлық пациенттерге жүргізілетін еммен байланысты уыттылықты төмендету мақсатында алдын алу шарасы ретінде фолий қышқылы мен B12 дәруменін қабылдауды тағайындау қажет.
Егер емдеуге дайындық кезеңінде кортикостероид енгізілмесе, пациенттерде тері реакциялары байқалуы мүмкін. Дексаметазонды (немесе оның баламасын) енгізу арқылы емге дайындық тері реакцияларының жиілігі мен ауырлығын қысқартуға ықпал етуі мүмкін.
Жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек тарапынан күрделі бұзылулар пеметрекседпен монотерапияда немесе басқа химиотерапиялық препараттармен біріктіріп емдегенде байқалды. Көптеген пациенттерде, дегидратацияның, гипертонияның немесе диабеттің болуы қоса, бүйрек бұзылуларының дамуы қаупінің бастапқы факторлары болды. Бір пеметрекседті немесе басқа химиотерапиялық дәрілермен бірге қолданғанда нефрогенді қантты емес диабет және бүйрек өзекшелерінің некрозы туралы хабарланды. Бұл әсерлердің көпшілігі пеметрексед тоқтатылғаннан кейін жоғалып кетті. Пациенттерді жедел тубулярлық некроз, бүйрек функциясының төмендеуі және қантты емес нефрогендік диабет белгілері немесе симптомдары (мысалы, гипернатриемия) тұрғысынан тұрақты бақылау керек.
Тіндік сұйықтықтың, мысалы, плевралық жалқық немесе асциттің пеметрекседтің әсеріне ықпалы толық анықталмаған. Тығыз ісіктері бар пациенттерде тіндік сұйықтықтың тұрақты жинақталуы тіндік сұйықтықтың жинақталуынсыз пациенттермен салыстырғанда плазмалық концентрацияға немесе пеметрексед клиренсіне әсер етпеді. Осылайша, пеметрекседпен емді бастар алдында жиналған сұйықтықты дренаждау мүмкіндігін қарастыру керек, алайда бұл міндетті шарт болып табылмайды.
Асқазан-ішектік уыттылықтың болуымен байланысты пеметрекседтің цисплатинмен біріктірілімінде ауыр сусыздану білінді. Пациенттер Пеметрепол препаратымен ем жүргізуге дейін және/немесе кейін құсуға қарсы препараттармен адекватты ем қабылдауы және тиісті гидратациялық ем қабылдауы тиіс.
Пеметрекседті цитоуытты агентпен біріктіріп тағайындағанда миокард инфарктісін, цереброваскулярлық бұзылуларды қоса, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан күрделі бұзылулардың пайда болғаны байқалды. Көптеген пациенттерде жүрек-қантамыр қауіп факторы түрінде бейімділік білінді.
Онкологиялық пациенттерде иммундық статустың бәсеңдеуімен байланысты тірі аттенуирленген вакциналарды қатар пайдалану ұсынылмайды.
Пеметрекседпен емдеуге дейін, емдеу кезінде немесе одан кейін сәулемен ем қабылдаған пациенттерде сәулелік пневмонит жағдайлары туралы хабарланды. Мұндай пациенттерге ерекше назар аударылуы тиіс, басқа да радиосенсибилизациялайтын препараттарды сақтықпен қолдану керек.
Бірнеше апта немесе жыл сәулелік ем қабылдаған пациенттерде сәулелік емнің жағымсыз әсерлерінің қайталану жағдайы байқалды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Пеметрексед негізінен бүйректік өзекшелік секреция арқылы немесе аз дәрежеде шумақтық сүзіліс арқылы өзгермеген күйде шығарылады. Нефроуытты препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, аминогликозид, ілмекті диуретиктер, платина қосылыстары, циклоспорин) пеметрексед клиренсінің кідіруіне әкелуі мүмкін. Мұндай біріктірілімді сақтықпен қолдану керек. Бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда креатинин клиренсін мұқият бақылау керек.
Өзекшелі секрециямен шығарылатын дәрілерді бір мезгілде қолдану (мысалы, пробенецид, пенициллин) пеметрексед клиренсінің кідіруіне әкелуі мүмкін. Осы препараттарды пеметрекседпен бір мезгілде енгізген кезде сақ болу керек. Бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда креатинин клиренсін мұқият бақылау керек.
Бүйрек қызметі қалыпты пациенттерде (креатинин клиренсі ≥ 80 мл/мин) ибупрофен (тәулігіне> 1600 мг) және ацетилсалицил қышқылы (тәулігіне≥ 1,3 г) сияқты ҚҚСП жоғары дозаларын қолдану пеметрекседтің шығарылуын баяулатуы және оны қолданумен байланысты жағымсыз әсерлердің туындауына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты бүйрек функциясы қалыпты (креатинин клиренсі ≥ 80 мл/мин) пациенттерге пеметрекседпен бір мезгілде ҚҚСП немесе ацетилсалицил қышқылының жоғары дозаларын енгізу кезінде сақ болу қажет.
Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі минутына 45-тен 79 мл-ге дейін) пациенттер Пеметреполды енгізгенге дейін 2 күн бұрын, енгізілген күні және енгізгеннен кейін 2 күн ибупрофен және ацетилсалицил қышқылы сияқты ҚҚСП қабылдауға жол бермеуі тиіс. Пироксикам немесе рофекоксиб сияқты жартылай шығарылу кезеңі ұзақ ҚҚСП-мен пеметрекседтің әлеуетті өзара әрекеттесуі туралы деректердің болмауына байланысты оларды жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге пеметрекседпен бір мезгілде енгізу енгізуге дейін кемінде 5 күн бұрын, енгізу күні және пеметрекседті енгізгеннен кейін кемінде 2 күн ішінде тоқтатылуға тиіс. Егер ҚҚСП-ны бір мезгілде тағайындау қажет болса, пациенттерге уыттылықтың, әсіресе миелосупрессияның және гастроинтестинальді уыттылықтың қатаң мониторингін жүргізу қажет.
Пеметрексед шектеулі көлемде бауырда метаболизмге ұшырайды. Адамның бауыр микросомаларын in vitro зерттеу нәтижелері пеметрекседтің CYP3A, CYP2D6, CYP2C9 және CYP1A2 метаболизденетін препараттардың метаболизмдік клиренсінің клиникалық елеулі тежелуін туғызбайтынын көрсетті.
Барлық цитостатикалық препараттарға ортақ өзара әрекеттесулер
Тромбоздың даму қаупінің артуымен байланысты онкологиялық аурулары бар пациенттерде антикоагулянттарды жиі қолдану байқалады. Ауру кезеңінде коагуляциялық статустың жекелей аралық жоғары өзгергіштігін және пероральді антикоагулянттар мен ісікке қарсы химиотерапия арасындағы өзара әрекеттесулер мүмкіндігін ескерсек, пероральді антикоагулянттармен ем жүргізу жөнінде шешім қабылдаған жағдайда халықаралық қалыптасқан қатынасқа (ХҚҚ) мониторинг жүргізу жиілігін арттыру қажет болады.
Вакциналық аурудың өліммен аяқталатын түрінің даму қаупі бар болғандықтан, пеметрекседті сары қызбаға қарсы вакцинамен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Пеметрекседті тірі аттенуирленген вакциналармен бірге тағайындау ұсынылмайды (пеметрекседпен емдеу кезінде қолдануға болмайтын сары қызбаға қарсы вакцинаны қоспағанда): өліммен аяқталуы мүмкін жүйелі аурудың пайда болу қаупіне байланысты. Иммунитеті әлсіреген пациенттерде олардың негізгі ауруы аясында қауіптің жоғарылауы байқалады. Егер бар болса, белсенділігі жойылған вакцинаны қолдану керек (мысалы, полиомиелитке қарсы вакцина).
Пеметрексед Рингер лактаты ерітіндісімен және Рингер ерітіндісімен үйлеспейді.
Пеметрепол препаратын басқа препараттармен бірге тағайындау зерттелген жоқ, сондықтан ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсінің көрсеткіштері 45 мл/мин төмен пациенттерге Пеметрепол препаратын қолдану ұсынылмайды (препаратты осы санаттағы пациенттерде қолдану жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты).
Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі минутына 45-тен 79 мл-ге дейін) пациенттер Пеметреполды енгізгенге дейін 2 күн бұрын, енгізілген күні және енгізгеннен кейін 2 күн ибупрофен және ацетилсалицил қышқылы (күніне >1,3 г) сияқты қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға жол бермеуі тиіс. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі ұзақ ҚҚСП қабылдау Пеметреполды енгізуден 5 күн бұрын, енгізген күні, және енгізуден кейін кем дегенде 2 күн тоқтатылуы тиіс.
Егде жастағы пациенттер.
Клиникалық зерттеулерде 65 жастағы және одан үлкен пациенттерде, 65 жастан жасырақ пациенттермен салыстырғанда, жағымсыз әсерлердің пайда болуының жоғары қаупі байқалған жоқ. Дозаларды төмендету режимі барлық пациенттерге арналған жалпы нұсқауларға сәйкес болуы тиіс.
Педиатрияда қолдану
Пеметрепол 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға ұсынылмайды, өйткені осы популяцияда қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Пеметрепол препаратының 100 мг құрамында бір құтыға шамамен 11 мг натрий (< 1 ммоль) бар, яғни шын мәнінде натрий жоқ дегенді білдіреді.
Пеметрепол препаратының 500 мг құрамында бір құтыға шамамен 54 мг натрий (2,35 ммоль) бар. Мұны натрийді шектеулі тұтынатын диетадағы пациенттерді емдеу кезінде ескеру қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Ерлер мен әйелдердің контрацепциясы
Пеметрексед геноуытты әсер тудыруы мүмкін. Жыныстық жетілген ер адамдарға емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде ұрықтандырудан бас тарту ұсынылады. Тиімді контрацепция шараларын қолдану немесе жыныстық қатынастан бас тарту ұсынылады.
Фертильділік
Пеметрекседтің қайтымсыз бедеулікті туындату қабілетін назарға ала отырып, ерлер емдеуді бастар алдында жыныс жасушаларын алу және консервациялау мүмкіндігін қарастыру керек.
Бала тууға қабілетті жастағы әйелдер Пеметрепол препаратымен емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне Пеметреполдың тигізетін әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда препаратты қолдану нәтижесінде қажудың дамуы мүмкін екендігі жөнінде мәлімделді, осыған байланысты пациенттер Пеметреполмен емделу кезінде автомобильді жүргізуді немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқаруды тоқтата тұрғаны жөн.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Пеметрепол препаратын ісікке қарсы препараттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен тағайындау керек.
Дозалау режимі
Цисплатинмен біріктіріп емдеу
Пеметрепол препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейінің ауданына 500 мг / м2 құрайды және әрбір 21 күндік циклдің бірінші күнінде 10 минут ішінде вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі. Цисплатиннің ұсынылатын дозасы дене беткейінің ауданына 75 мг/м2 құрайды, ол әрбір 21 күндік циклдің бірінші күнінде пеметрексед инфузиясы аяқталғаннан кейін шамамен 30 минуттан кейін екі сағат ішінде инфузия түрінде енгізіледі. Пациенттер тиісті құсуға қарсы емді және цисплатин енгізгенге дейін және/немесе одан кейін сұйықтықтың жоғалуын тиісінше толықтыруы тиіс.
Монотерапия
Өкпенің ұсақ емес жасушалы обыры бар пациенттерді емдеу үшін алдыңғы химиотерапиядан кейін Пеметрепол препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 21 күндік циклдің бірінші күнінде 10 минут ішінде вена ішіне инфузия түрінде енгізілетін дене беткейінің ауданына 500 мг/м2 құрайды.
Препаратты қолданар алдындағы ұсыныстар
Тері реакцияларының жиілігі мен ауырлығын төмендету үшін кортикостероидты Пеметрексед препаратын енгізуден бір күн бұрын, енгізген күні және енгізгеннен кейін келесі күні қолдану қажет. Енгізілетін кортикостероидтың мөлшері күніне 2 рет пероральді қабылданатын 4 мг дексаметазонға баламалы болуы тиіс.
Препараттың уыттылығын төмендету үшін пеметрекседпен ем алатын пациенттер күн сайын фолий қышқылы препараттарын немесе құрамында фолий қышқылы бар мультивитаминдерді (350-ден 1000 микрограмм) қабылдауы тиіс. Пеметрекседті алғашқы енгізер алдында 7 күн ішінде фолий қышқылының кемінде 5 дозасын қабылдау қажет. Қабылдау пеметрекседпен емдеудің барлық курсы бойына, сондай-ақ пеметрекседті соңғы енгізгеннен кейін 21 күн бойы жалғасуы тиіс. Пеметрекседті алғаш енгізер алдында 7 күндік кезеңде пациентке В12 дәруменінің бұлшықет ішіне бір инъекциясын (1000 микрограмм), одан әрі - әрбір 3 циклде бір инъекция енгізу қажет. В12 дәруменінің кейінгі инъекциясы пеметрекседпен бірдей күні жасалуы мүмкін.
Бақылау
Препараттың әрбір дозасын енгізер алдында Пеметреполды қолданып жүрген пациенттерде лейкоциттік формуланы бағалауды және тромбоциттер санын анықтауды қоса, қанға толық талдау жүргізу қажет. Химиотерапияның әрбір циклін бастар алдында бүйрек және бауыр функциясына баға беру үшін қанға биохимиялық талдау жүргізу қажет. Химиотерапияның әрбір циклін бастар алдында нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС) ≥1500 жасуша/мм3, тромбоциттер саны ≥100000 жасуша/мм3 құрауы тиіс. Креатинин клиренсі ≥45 мл/мин құрауы тиіс. Жалпы билирубин көрсеткіші қалыптың жоғары шегінен 1,5 еседен көпке жоғарыламауы тиіс. Сілтілік фосфатаза (СФ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) және аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейлері қалыптың жоғары шегінен 3 еседен көпке жоғарыламауы тиіс. СФ, АСТ және АЛТ мөлшерінің қалыптың жоғары шегінен ≤5 есе болуы бауыр метастазы бар болған жағдайда қабылдарлық болып табылады.
Дозаны түзету
Курсты қайталау алдында дозаны түзету бұрынғы емдеу циклінің ішінде гематологиялық көрсеткіштерінің өте төмен шегіне немесе гематологиялық емес ең жоғары уыттылығына негізделуі тиіс. Уыттылық көріністерін қалпына келтіру мақсатында емдеу кейінге қалдырылуы мүмкін. Қалпына келуіне орай, пациенттер 1-3 кестелердегі нұсқауларды пайдалана отырып, пеметрекседпен монотерапия ретінде немесе цисплатинмен біріктіріп қолданылатын емді жалғастыруы қажет.
1-кесте
Пеметрекседті (монотерапияда немесе біріктірілген емде) және цисплатинді дозалау режимі – Гематологиялық уыттылық |
|
Нейтрофилдердің ең төменгі абсолюттік саны < 500 жасуша/мм3 және тромбоциттердің ең төменгі саны ≥ 50 000 жасуша/мм3 |
(пеметрекседтің және цисплатиннің) мұның алдындағы дозасының 75%-ы |
Тромбоциттердің ең төменгі саны < 50 000 жасуша/мм3 нейтрофилдердің ең төменгі мөлшеріне қарамастан |
(пеметрекседтің және цисплатиннің) мұның алдындағы дозасының 75%-ы |
Тромбоциттердің ең төменгі саны < 50 000/ жасуша/мм3 нейтрофилдердің ең төменгі мөлшеріне қарамастан қан кетумена |
(пеметрекседтің және цисплатиннің) мұның алдындағы дозасының 50%-ы |
а критеpийлер Обырды Зерттеудің Ұлттық Институтының, 2 нұсқа (CTC v2.0; NCI 1998), Жалпы мойындаған Критерийлеріне сай ≥ 2 дәрежедегі қан кетулерді анықтауға сәйкес келеді
3 дәрежедегі гематологиялық емес (нейроуыттылықты қоспағанда) уыттылық дамыған кезде, емді бастар алдындағы көрсеткіштер қалпына келгенге дейін емдеуді кейінге қалдыру қажет. Әрі қарай емдеуді 2 кестеде берілген нұсқауларға сәйкес жалғастыру қажет.
2-кесте
Пеметрекседті (монотерапияда немесе біріктірілген емде) және цисплатинді дозалау режимі – Гематологиялық емес уыттылық a, b |
||
Пеметрекседтің дозасы (мг/м2) |
Цисплатинның дозасы (мг/м2) |
|
Шырышты қабықтың қабынуын қоспағанда, 3 немесе 4 дәрежедегі кез келген уыттылық |
Мұның алдындағы дозаның 75%-ы |
Мұның алдындағы дозаның 75%-ы |
Ауруханаға жатқызуды қажет ететін диарея (дәрежесіне қарамай) немесе 3 немесе 4 дәрежедегі диарея |
Мұның алдындағы дозаның 75%-ы |
Мұның алдындағы дозаның 75%-ы |
Шырышты қабықтың 3 немесе 4 дәрежедегі қабынуы |
Мұның алдындағы дозаның 50%-ы |
Мұның алдындағы дозаның 100%-ы |
b Нейроуыттылықты қоспағанда
Нейроуыттылық жағдайында пеметрексед және цисплатин дозасының ұсынылған түзетуі 3 кестеде көрсетілген. 3 немесе 4 дәрежедегі нейроуыттылық білінген кезде пеметрекседпен емдеуді тоқтату қажет.
3 кесте
Пеметрекседті (монотерапияда немесе біріктірілген емде) және цисплатинді дозалау режимі – Нейроуыттылық |
||
Уыттылық дәрежесі |
Пеметрексед дозасы (мг/ м2) |
Цисплатин дозасы (мг/м2) |
0-1 |
Мұның алдындағы дозаның 100%-ы |
Мұның алдындағы дозаның 100%-ы |
2 |
Мұның алдындағы дозаның 100%-ы |
Мұның алдындағы дозаның 50%-ы |
а критерийлер Ұлттық Обырды зерттеу институтының Жалпы қабылданған уыттылық өлшемдеріне сәйкес ≥ 2 дәрежелі қан кетуді анықтауға сәйкес келеді, 2-нұсқа (CTC v2.0; NCI 1998).
Егер пациенттер дозаны екі рет төмендеткеннен кейін 3 немесе 4 дәрежедегі кез келген гематологиялық немесе гематологиялық емес уыттылық білінсе, Пеметрекседпен емдеу тоқтатылуы тиіс немесе 3 немесе 4 дәрежедегі нейроуыттылық бар болса, дереу тоқтатылуы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
65 жастағы немесе одан үлкен пациенттерде 65 жастан кіші пациенттермен салыстырғанда жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғарылығы байқалмайды. Дозаларды азайту режимі барлық пациенттер үшін жалпы ұсынымдарға сәйкес келеді.
Педиатрияда қолдану
Пеметрепол препаратын педиатриялық популяцияда плевраның қатерлі мезотелиомасы және өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры кезінде қолдану жөнінде деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
(Кокрофт-Голттың стандартты формуласына немесе Тc99m-DPTA қолдану арқылы сарысулық клиренстің шумақтық сүзілу жылдамдығын бағалауға сәйкес): пеметрексед негізінен организмнен несеппен бірге өзгермеген күйде шығарылады. Креатинин клиренсі ≥ 45 мл / мин көрсеткіштері кезінде дозаны түзету режимі барлық пациенттер үшін жалпы ұсынымдарға сәйкес келеді. Креатинин клиренсі 45 мл/мин төмен пациенттерде пеметрекседті қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ; сондықтан пеметрекседті бұл жағдайда қолдану ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
АСТ, АЛТ немесе жалпы билирубин мен пеметрексед фармакокинетикасы арасындағы өзара байланыс анықталған жоқ. Алайда, билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен > 1,5 есе асатын және/немесе трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен > 3,0 есе жоғары (бауырда метастаз болмаған кезде) немесе қалыптың жоғарғы шегінен > 5,0 есе жоғары (бауырда метастаздар болған кезде) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолдануды зерделеу жүргізілмеген.
Енгізу әдісі мен жолы
Пеметрепол препаратын әрбір 21 күндік циклдің бірінші күні вена ішіне 10 минут бойы тамшылатып енгізеді.
Препаратты дайындаған және енгізген кездегі сақтандыру шаралары
Әлеуетті уытты обырға қарсы препараттардың басқа ерітінділерін дайындау кезіндегідей, пеметрексед инфузиялық ерітінділерін қолдану және дайындау кезінде сақ болу керек.
Қолғапты пайдалану ұсынылады. Пеметрепол ерітіндісін теріге тигізіп алғанда теріні сабындап, сумен мұқият жуып-шайыңыз. Пеметрепол ерітіндісін шырышты қабыққа тигізіп алғанда оларды сумен мұқият жуып - шайыңыз.
Пеметрепол ірің түзетін зат болып табылмайды. «Клиникалық ауыр емес» ретінде сипатталған пеметрексед ерітінділерін экстравазация ерітінділерінің бірнеше жағдайлары сипатталған. Пеметреполмен экстравазация жағдайында спецификалық антидот жоқ. Пеметрепол экстравазациясы жағдайында, іріңдер түзілуін туындатпайтын басқа дәрілер жағдайындағы сияқты, экстравазацияны емдеудің жергілікті емшарасын қолдану қажет.
Инфузия үшін ерітінді дайындау жөніндегі нұсқаулар
Вена ішіне инфузия жүргізу үшін Пеметрепол препаратын еріткенде және әрі қарай сұйылтқанда асептикалық техниканы пайдалану қажет.
Еріткіш ретінде тек 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі ғана пайдаланылады!
Пеметрепол құрамында кальций бар еріткіштермен, соның ішінде лактат бар Рингер ерітіндісімен және Рингер ерітіндісімен физикалық тұрғыдан үйлеспейді және, демек, оларды пайдалануға болмайды. Пеметреполды басқа препараттармен және еріткіштермен бірге енгізу зерттелген жоқ, сондықтан ұсынылмайды.
Ерітіндіні дайындау
100 мг құтылар
Құтының ішіндегі (100 мг) затты инъекцияға арналған 4,2 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісінде (консерванттарсыз) 25 мг/мл концентрацияға дейін ерітеді. Құтыны лиофилизат түгел ерігенше ақырын шайқап араластырады. Алынған ерітінді мөлдір болуы тиіс, ерітінді түсінің түссізден сарғыш немесе жасылдау-сары түске дейін өзгеруіне жол беріледі. Қалпына келтірілген ерітіндінің рН деңгейі 6.6 және 7.8 шегінде болады.
500 мг құтылар
Құтының ішіндегі (500 мг) затты инъекцияға арналған 20 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісінде (консерванттарсыз) 25 мг/мл концентрацияға дейін ерітеді. Құтыны лиофилизат түгел ерігенше ақырын шайқап араластырады. Алынған ерітінді мөлдір болуы тиіс, ерітінді түсінің түссізден сарғыш немесе жасылдау-сары түске дейін өзгеруіне жол беріледі. Қалпына келтірілген ерітіндінің рН деңгейі 6.6 және 7.8 шегінде болады.
4) Сұйықтықты қосымша сұйылту қажет!
Пеметреполдың алынған ерітіндісінің тиісті көлемін инъекцияға арналған (консервантсыз) 0.9% натрий хлориді ерітіндісінің көмегімен 100 мл-ге дейін сұйылту керек.
5) Енгізер алдында ерітіндіде қатты бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегендігін тексеру қажет. Егер күдікті белгілер анықталса, препаратты қолдануға болмайды.
6) Пеметрепол және ұсынылатын еріткіш құрамында микробтарға қарсы консерванттар жоқ болғандықтан, енгізу үшін алынған ерітіндіні сұйылтқаннан кейін, 2-8°C температурада сақтағанда, 24 сағат ішінде пайдалану қажет. Пайдаланылмаған ерітінді жойылуы керек.
7) Жоғарыдағы нұсқаулыққа сәйкес дайындалған пеметрексед ерітінділері поливинилхлоридтен және полиолефиннен жасалған инфузияға арналған жүйелермен үйлесімді.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: нейтропения, анемия, тромбоцитопения, шырышты қабықтың қабынуы, сенсорлық полинейропатия, бөртпе. Артық дозаланудың күтілетін асқынулары мыналарды қамтиды: нейтропениямен, тромбоцитопения және анемиямен көрініс беретін сүйек кемігінің бәсеңдеуі. Қызба, диарея және/немесе шырышты қабықтың қабынуымен/онсыз инфекциялар байқалуы мүмкін.
Емі: жалпы қан талдауына мониторинг жүргізу және демеуші ем жүргізу. Кальций фолинатын немесе фолий қышқылын қолдану мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Монотерапия түрінде немесе біріктіріп пеметрекседті қолданумен байланысты өте жиі жағымсыз әсерлер анемиямен, нейтропениямен, тромбоцитопениямен көрініс беретін сүйек кемігі функциясының басылуы, және анорексиямен, жүректің айнуымен, құсумен, диареямен, іш қатумен, фарингитпен, шырышты қабықтың қабынуы және стоматитпен көрініс беретін асқазан-ішектік уыттылық болып табылады. Басқа жағымсыз әсерлер бүйрек уыттылығын, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауын, алопецияны, қатты қажығыштықты, сусыздануды, бөртпені, инфекцияны, сепсисті және нейропатияны қамтиды. Сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз байқалды.
Клиникалық зерттеулер барысында байқалған жағымсыз реакциялар*
* Клиникалық зерттеулер әртүрлі жағдайларда жүргізілетін болғандықтан, жағымсыз реакциялардың жиілігі басқа зерттеулердегі жиілікпен тікелей салыстырылуы мүмкін емес және клиникалық іс-тәжірибеде байқалатын жағымсыз реакциялар жиілігін көрсетпеуі мүмкін.
Фолий қышқылы мен В12 дәруменін қоса отырып, бұрын химиотерапия алмаған, плевраның қатерлі мезотелиомасы бар пациенттерде пеметрекседті цисплатинмен біріктіріп қолданғанда байқалған жағымсыз әсерлер
Өте жиі (≥ 1/10)
анемия, лейкопения, нейтропения/гранулоцитопения, тромбоцитопения
креатинин деңгейінің жоғарылауы, креатинин клиренсінің төмендеуі
жүрек айнуы, құсу, анорексия, диарея, іш қату
стоматит, фарингит
қажу
сенсорлы нейропатия
бөртпе
алопеция
Жиі (1/100-ден < 1/10-ға дейін)
фебрильді нейтропения, инфекциялар, қызба
кеуденің ауыруы
конъюнктивит
диспепсия, дәм сезудің бұрмалануы
дегидратация
есекжем
АСТ, АЛТ және ГГТ деңгейінің жоғарылауы
бүйрек жеткіліксіздігі
Жиі емес ( 1/1000-нан < 1/100 дейін)
аритмия
моторлы нейропатия
Фолий қышқылы мен В12 дәруменін қоса отырып, бұрын химиотерапия алған, жергілікті таралған немесе өкпенің метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде пеметрекседпен монотерапия кезінде байқалған жағымсыз әсерлер
Өте жиі (≥ 1/10)
анемия, нейтропения/гранулоцитопения, лейкопения
қажу
диарея, құсу, жүректің айнуы, анорексия
стоматит, фарингит
бөртпе, қабыршақтану
Жиі ( 1/100-ден < 1/10 дейін)
тромбоцитопения
инфекция (нейтропениясыз), фебрильді нейтропения
аллергиялық реакция, аса жоғары сезімталдық, қышыну, алопеция
АЛТ және АСТ деңгейінің жоғарылауы
креатинин деңгейінің жоғарылауы
моторлы нейропатия, сенсорлы нейропатия
мультиформалы эритема
іштің ауыруы, іш қату
қызба
Жиі емес (1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
суправентрикулярлық аритмия
Фолий қышқылы мен В12 дәруменін қоса отырып, бірінші желілік ем ретінде, жергілікті таралған немесе өкпенің метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде пеметрекседті цисплатинмен біріктіріп қолданғанда байқалған жағымсыз әсерлер
Өте жиі (≥ 1/10)
анемия, нейтропения/гранулоцитопения, лейкопения, тромбоцитопения
креатинин деңгейінің жоғарылауы
қажу
жүрек айнуы, құсу, анорексия, іш қату, диарея (колостомиясыз)
стоматит, фарингит
алопеция
Жиі ( 1/100-ден < 1/10 дейін)
диспепсия, қыжыл
креатинин клиренсінің төмендеуі
сенсорлық нейропатия, дәм сезудің бұрмалануы
бөртпе, қабыршақтану
фебрильді нейтропения, инфекциялар, қызба
дегидратация
АЛТ және АСТ деңгейінің жоғарылауы
Бүйрек жеткіліксіздігі
конъюнктивит
Жиі емес ( 1/1000-нан < 1/100 дейін)
аритмия
кеуденің ауыруы
гамма-глутамилтранспептидаза (ГГТ) деңгейінің жоғарылауы
моторлы нейропатия
Фолий қышқылы мен В12 дәруменін қоса отырып, платина препараттары негізінде бірінші желілік емнен кейін, үдемесіз жергілікті таралған немесе өкпенің метастаздық ұсақ жасушалы емес обыры бар пациенттерде демеуші ем ретінде пеметрекседпен монотерапия кезінде байқалған жағымсыз әсерлер
Өте жиі (≥ 1/10)
анемия
қажу
жүрек айнуы, анорексия
Жиі (1/100-ден < 1/10 дейін)
нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения
АЛТ және АСТ деңгейінің жоғарылауы
құсу, диарея, іш қату
шырышты қабықтың қабынуы, стоматит
сенсорлық нейропатия, моторлы нейропатия, бас айналу
алопеция, терінің қышынуы
бөртпе, қабыршақтану
ауыру, ісіну, қызба (нейтропения болмаған кезде)
бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсінің төмендеуін, креатинин деңгейінің жоғарылауын, шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуін, бүйрек жеткіліксіздігін қоса)
фебрильді нейтропения, инфекциялар
көздің беткейлік тіндерінің аурулары (соның ішінде конъюнктивит), көзден көп жас ағу
Жиі емес (1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
суправентрикулярлық аритмия, өкпе эмболиясы
мультиформалы эритема
аллергиялық реакция, аса жоғары сезімталдық
Пеметрекседті басқа клиникалық зерттеулерде қолдану кезінде байқалған жағымсыз әсерлер
Жиі (1/100-ден < 1/10-ға дейін)
сепсис (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған)
Жиі емес (1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
миокард инфарктісін, стенокардияны, ми қан айналымының бұзылуын және транзиторлық ишемиялық шабуылдарды қоса, ауыр жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық бұзылулар (әдетте, басқа цитоуытты агентпен бірге). Анықталған бұзылулары бар пациенттердің көпшілігінде кардиоваскулярлық қауіп факторларының болуы байқалды.
панцитопения
колит (ішектен және ректальді қан кетуді қоса, кейде өліммен аяқталатын, ішектің тесілуі, ішек некрозы және соқыр ішектің қабынуы)
тыныс алу жеткіліксіздігі бар интерстициальді пневмонит (кейде өліммен аяқталатын)
өңештің қабынуы (оның ішінде сәулелік)
ісінулер
Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін)
гепатит (әлеуетті ауыр түрде)
Постмаркетингілік хабарламалардың деректері бойынша жағымсыз реакциялар
Жиі (1/100-ден < 1/10-ға дейін)
гиперпигментация
Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін)
бұрын сәулелік терапия алған пациенттерде сәулелік күйіктерді қайта қалпына келтіру жағдайлары
Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді (кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын) қоса, буллездік жай-күй
Иммунитетпен байланысты гемолитикалық анемия
анафилаксиялық шок
Жиі емес (1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
жедел бүйрек жеткіліксіздігі (пеметрекседпен монотерапия немесе басқа химиотерапиялық препараттармен біріктіріп емдеу кезінде)
пеметрекседті қолданғанға дейін, қолдану кезінде немесе одан кейін сәуле қабылдаған пациенттерде сәулелі пневмонит
шеткері ишемия (кейбір жағдайларда аяқ-қол некрозына әкелетін)
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
нефрогендік қантты емес диабет
бүйрек өзекшелерінің некрозы
эритематозды ісіну, негізінен аяқтың
дерманың, гиподерманың және/немесе теріасты шелінің инфекциялық және инфекциялық емес аурулары (мысалы, жедел бактериялық дермо-гиподермит, псевдоцеллюлит, дерматит)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 мг доза
Бір құтының ішінде
белсенді зат - пеметрексед (пеметрексед динатрий гемипентагидраты
түрінде), 100 мг,
қосымша заттар: маннитол, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы.
500 мг доза
Бір құтының ішінде
белсенді зат - пеметрексед (пеметрексед динатрий гемипентагидраты
түрінде), 500 мг,
қосымша заттар: маннитол, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақшыл-сары түске дейінгі лиофилизацияланған ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат резеңке бромбутил тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған және flip-off типті пластмасса қақпақпен жабылған сыйымдылығы 10 мл (100 мг доза үшін) және сыйымдылығы 25 мл (500 мг доза үшін), І типті түссіз шыны құтыларға салынған.
1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған
Сақтау мерзімі
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Дайындалған ерітінді: 2 °С –ден 8 °С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай сақтау керек.
Пайдаланылмаған ерітіндіні жою керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәлімет
Онкомед Мэньюфэкчуринг а.с.
Казарек 2229/1Б
62100 Брно - Рековице
Чех Республикасы
Телефон нөмірі: +420 515 919 900
Электронды поштасы: info@oncomed.cz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Химфарм» АҚ
Рашидов к-сі, 81, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы
Телефон нөмірі: +7 7252 (610151)
Автожауап беретін телефон нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды поштасы: infomed@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік препараттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік препараттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі: +7 7252 (610150); +7 7252 (610151)
Автожауап беретін телефон нөмірі: +7 7252 (561342)
Электронды поштасы: complaints@santo.kz; phv@santo.kz; infomed@santo.kz